Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен Батыр музейінің 30 жылдығына және Жеңіс күніне арналған «Мәңгілік тұлғалар» атты I Республикалық тұлғалық музейлер фестивалінің қонақтары:музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова және Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің, Торғайдың Ә.Жангелдин мұражайлар кешенінінің, Ақмола облысынан І.Есенберлиннің әдеби музейінің, Солтүстік Қазақстан облысының «Абылай хан резиденциясы», Алматы облысының Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі мен М.Мақатаевтың әдеби музейілерінің, Ақтөбе қаласының Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қатысушылары менқала қонақтары «Даңқ» аллеясындағы Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.
05.05.2025
Қараулар: 102