Жаздың бірінші күні бүкіл әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні болып аталып өтіледі. Осы айтулы мерекеге орай, Мәлік Ғабдуллин музейінде «Балғын балалар!» қөңілді старт жарысы өтті.
Жарысқа №4 орта мектептің 3-4 сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары музейдің экспозициялық залдарын аралап, Батырдың өмір жолымен және шығармашылығымен танысып шықты.
Одан әрі балалар музей ауласында екі топқа бөлініп, көңілді сайыста күш сынады.
4 кезеңнен құралған тартысты күресте жеңіске «Мәлік Ғабдуллин» командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Балалар естелік фотоға түсіп, музей ұжымына алғысын білдірді.
01.06.2023
Қараулар: 876