Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Асылы Осман Мәлік Ғабдуллин музейінде

25 қыркүйек Ақмола облысында «Ұрпақтар диалогы» конференциясы аясында өткен «Даналық көпірі» акциясына қатысушы Алматы облысынан келген делегация мүшелері Мәлік Ғабдуллин музейінің тыныс — тіршілігімен танысты.

Делегацияны қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Достық» және «Парасат» ордендері мен «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, Американың өмірбаяндық халықаралық зерттеу институтының «Әлемдегі ең таңдаулы әйел» атағын иеленген, филолог — ғалым,Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Әлиқызы Осман бастап келді.

Даңқты батыр Мәлік Ғабдуллиннің көзін көрген, ғалымдығы мен қайраткерлігіне, қарапайымдылығы мен қамқорлығына тәнті болған «Ұлтым бөлек болғанымен, жаным – қазақ» — деп ағынан жарылған А.Ә. Осман, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Г.Б. Гейдаров және Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» басшысының орынбасары А.К. Тәңірбергенова музейдің экспозиция залдарын тамашалады.

Мәлік батырдың мол мұрасынан, мазмұнды экспозиция залдары мен музей қызметкерінің танымды экскурсиясынан шабыт алған Асылы Осман өз сөзін: «Тіл – кие, сөз – құдірет, қазақ ұлты бұлттан төмен болса да мен үшін әрқашан биік. Шыңға шыққан шынардай ойы да, бойы да биік жан Мәлік Ғабдуллин рухы барлығымызды желеп — жебеп жүрсін» деп қорытындылап, музей ұжымына ақ батасын берді.

«Барым да, бағым да – қазақ тілі» — деп қазақ тілінің мәртебесі мен ұлттық мұраларымызды ұлықтау жолында қажырлы қызмет атқарып жүрген Асылы Әлиқызына музей директоры Мұхаммед Мерекеұлы Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» кітабын сыйға тартты.

 

25.09.2025

Қараулар: 26

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау