Наурызнама онкүндігі аясында Мәлік Ғабдуллин музейінде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай халқымыздың дүниетанымын, салт-дәстүрін, наным-сенімін, ұлттық құндылықтарын халықтың рухани өзегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы болған ұлттық ұстанымдарын насихаттау, асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпы халықтық сипат алуына үлес қосу және оларды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Ән өнерім – дәстүрім!» іс-шарасы өтті.
Іс-шара аясында дәстүрлі әнші, «мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Әбсалық Салық жастарға Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы әндерінің тарихы, Ақан мен Біржан әндерінің мақамы туралы мағлұматтар беріп, Біржан салдың «Жанбота», «Ләйлім шырақ», Ақан серінің «Балқадиша» әндері шырқалды.
16.03.2024
Қараулар: 345