12 сәуір 2023 жылы Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейінде Ғылым күніне және көрнекті қазақ ғалымы Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 124 жыл толуына орай: «Академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына дайындық және оны өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Б.С.Айтмағанбетова қатысты.
Өз кезегінде сөз алған Балым Серікқызы М.Ғабдуллин мен Қ.Сәтпаев арасындағы рухани байланысқа тоқтала келіп, дөңгелек үстелге қатысушыларды музей қорында сақталған қос ғалымның жазысқан хаттарымен таныстырды.
12.04.2023
Қараулар: 972