Әргі-бергі тарихымызға көз жүгіртсек ҚАЗАҚ деген осы бір елдің маңдайына берген, кейінгі біз сияқты ұрпақтары мақтанышпен айтып жүретін тұлғалары аз емес.
Ендеше әлемге қазақтың ҰЛЫ ХАЛЫҚ екенін танытқан тұлғаларының бірі ол –Абай Құнанбайұлы. 10 тамыз күні Мәлік Ғабдуллин музейінде Абай шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Шара барысында ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, FhD доктор Ерболат Баятұлы ақынның шығармашылығына тоқталып, қазақ ұлтының санасы толысқан сайын Абай тұлғасының биіктей беретіні жайында әсерлі әңгіме өрбітті.
Абайдың табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін білмейтін қазақ кемде кем шығар.
Осы әнді дәстүрлі әнші, музей директоры Кенжебай Жәнібекұлы қазақтың қасиетті қара домбырасының сүйемелдеуімен нақышына келтіре орындағанда музей қызметкерлері де қалыс қалмай қосыла шырқап отырды.
10.08.2023
Қараулар: 456