31 қаңтар күні М.Ғабдуллин музейінің жанынан құрылған ғылыми кеңестің 1-ші отырысы өтті. Кеңес отырысының күн тәртібіне музейдің тұрақты ғылыми кеңесінің құрамын бекіту және кеңес төрағасын сайлау; музей ұжымының 2024 жылы жүзеге асырған жұмыстарына қысқаша шолу; 2025 жылдың бекітілген жұмыс жоспарымен таныстыру; М.Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен екінші дүниежүзілік соғыстың біткеніне 80 жыл және музейдің 30 жылдығына орай өткізілетін ауқымды іс-шаралар жайында ақпараттандыру мәселелері қойылды.
Ғылыми кеңесті музей директоры К.Мукушев жүргізді.
Ең алдымен, осыған дейін ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері міндетін атқарған М.Жолаушина осы жылдар аралығында атқарған жұмыстары жайында ғылыми кеңес алдында баяндап, қазігі уақытта қор сақтау бөліміне бас қор сақтаушы болып ауысқанын жеткізді.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша кеңес төрағалығына Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Сәбит Жәмбек кеңес мүшелерінің дауыс беруімен бірауыздан сайланды.
Кеңес мүшелігіне әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, КМУ оқытушысы Аян Төлегенұлы Қажыбай, Республикалық «Егемен Қазақстан» және облыстық «Арқа Ажары» газеттерінің меншікті тілшісі Байқал Байәділов, PhD докторанты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы Талапкер Асқарұлы Уалиев, ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының профессоры, ф.ғ.к, азаматтық қорғау полковнигі Сандуғаш Қасымова бекітілді.
Ғылыми зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ж.Қажыбай жаңадан сайланған ғылыми кеңес мүшелеріне2024 жылы өткен іс-шаралар туралы қысқаша баяндап, мерейлі жылға орай атқарылатын ауқымды іс-шаралар жайында ақпарат берді.
Ғылыми кеңес тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды.
Өз кезегінде ғылыми кеңес мүшелері музей қызметкерлеріне ғылыми -зерттеу жұмыстары бойынша, дәрістер дайындау мен өткізу жұмыстарына қолдау білдіріп, ұжыммен бірге тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтінін жеткізді.
31.01.2025
Қараулар: 597