26 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мәлік Ғабдуллин музейі қызметкерлері жоғары марапатқа ие болды.
Музей директоры Мұхаммед Мерекеұлы мен аға ғылыми қызметкер Аягөз Мұратқызы мәдениет саласындағы жемісті еңбегі мен рухани мұраны дәріптеуге қосқан үлесі үшін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
26.05.2026
Қараулар: 33