Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Хармәтлә Малик Габдуллаевич!

Құрметтi оқырман достар!

«Сарғыш тартқан хаттардың да сыры бар…» айдары.

Кеңес Одағының батыры, академик, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин көршiлес мемлекеттердiң ғалымдарымен, жазушыларымен де әрiптестiк тығыз қарым қатынаста болған. Соның дәлелi Татарстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi, ғалым, филология ғылымдарының докторы Хиятмит Ярми қолтаңбасын қалдырып, Мәлiк Ғабдуллинге «Татар халқының поэтик ижаты» атты кiтабын сыйлаған екен. Кiтап музей қорында сақтаулы.

Жазушы Хиятмит Ярмидың Мәлiк Ғабдуллинге зор құрметпен, әрiптестiк лебiзiн бiлдiрген хатын назарларыңызға ұсынамыз.

(татар тiлiнде жазылған хатты аударған Асылбек Байтан)

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜

Хармәтлә Малик Габдуллаевич!

Сезгә зур ихтарам биләп бик күй һәт кайнар сәлам.

Бик күйрәтәп бирле шуты карайлармын. Сезгә жиберермен зит көрп нзем. Вахыт табып бер безнез Казан Якларына килей гыксагыз бик шат булар идек. Рахим итегез!

Алма-Атадагы һәм Сезнез институттагы барлык жiгәтләргә кайнар сәлам.

Зур ихтарам белән Хиятмит.

Казан. 5/II. 1972.

Құрметтi Мәлiк Ғабдуллаевич!

Сiзге зор құрметпен бiз жақтан үлкен сәлем. Уақыт тауып бiздiң Қазан жаққа келiп кетерсiз. Бiз қуанып қалар едiк. Рахым етiңiз! Алматыдағы және Сiздiң институттағы жiгiттердiң барлығына үлкен сәлем айтыңыз.

Сiзге деген зор құрметпен Хиятмит.

Казан. 5/II. 1972.

Мақаланың шыққан күні: 03.06.2021 10:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.06.2021 10:02

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау