Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Жартасты жастанған жасақ»

Биыл Кеңес әскерiнiң ауған жерiнен шығарылғанына 30 жыл толды. Соғыс — зұлымдық. Жазықсыз төгiлген қан. Тарих жылнамасынан өзiнiң қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бiрi — Ауған соғысы.

Осыған орай 1 ақпан Мәлiк Ғабдуллин музейi мен «Бiлiм — Инновация» лицей интернатының бiрлесе ұйымдастыруымен ауған соғысы ардагерi, ұстаз Жақсылық Құланұлы Өтебаевпен сұхбат кешi өттi.

Сұхбат кеш Амангелдi Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» еңбегiнiң желiсi бойынша өткiзiлдi. Iс-шара М.Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Рахымбекұлы Мырзабектiң беташар сөзiмен басталды.

Ғылыми қызметкер Аққу Жанботақызы Есжанова музей қорында сақталған ауған соғысының ардагерлерiнiң мұралары туралы баяндама жасады. Өмiр мен өлiм белдескен қанды шайқастың куәгерi, қаһарман ағамыз Жақсылық Өтебаев өз естелiктерiмен бөлiсiп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап бердi.

Кеш мектеп оқушыларының шағын концерттiк бағдарламасымен аяқталды.

 

01.02.2019

Қараулар: 1477

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау