Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Сахнов Николай Иванович

Сахнов Николай Иванович 1927 жылы Молотов (Балхашино) ауданы Зиновев селосында дүниеге келген. 1933 жылы Айдабол мектебiнен 6 кластық бiлiм алады. 1944 жылы Николай Иванович әскерге шақырылады. Алдымен Уфа қаласындағы қысқа мерзiмдi дайындық курсынан өтiп, содан соң атқыштар ротасына минометшi болып соғысқа енедi. Белоруссияда, кейiн 1945 жылы қаңтардан бастап Дальный Востоктағы Находка бұғазында әскери қызметiн жалғастырады. Жас жауынгер қарауыл катерiнде, бомбалаушылардың авиациялық бөлiмiнде әскери мiндетiн атқарады. Радист және жүргiзушi мамандығын меңгередi. Жауынгердiң әскердегi ерлiгi "Отечественной войны II степени", "За победу над Германией" медальдарымен және Жапониямен болған шайқаста көрсеткен ерлiгi үшiн И.Сталиннiң Алғыс хатымен марапатталады.

1951 жылы туған жерiне оралған Николай Ивановичтi елi қуанышпен қарсы алып, жұмыс қолы жетпей жатқандықтан, орман шаруашылығына жұмысқа алады. Соғыс және еңбек ардагерi Сандықтау ауданы орман шаруашылығында 40 жыл еңбек етедi. Оның 36 жылын әкесi Иван Михайловичтiң жолымен жүрiп, техник- орманшы болып жұмыс атқарады. Н.И.Сахновтың бастамасымен Балхашино селосындағы терек ағаштарын кесу, қалыпқа келтiру, сондай-ақ, Атбасар- Көкшетау бағыты жол бойына ағаштар отырғызу мен оны күтiп, баптау жұмыстарына да үлкен үлесiн қосты. Үлгiлi отбасы. Жұбайы екеуi үш бала тәрбиелеп, оларға лайықты бiлiм бердi.

12.08.2020

Қараулар: 852

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау