Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Мартынов Михаил Иванович

Мартынов Михаил Иванович 1924 жылы 25 қазанда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1943 жылы 5 қаңтарда Көкшетау облысы Рузаев ауданының (қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов ауданы) әскери комиссариатынан шақырылады.

1943 жылдың қаңтарында №833 артиллериялық полкiнiң тiзiмiне енгiзiлiп, 1945 жылдың тамызына дейiн аз қуатты радиостанцияның бастығы болып тағайындалып, осы жылдың тамызында Борзинск бекiнiсiне радиостанция басшысы болып ауыстырылады.

1945 жылдың қыркүйегiнен 1946 жылдың маусымына дейiн 53-шi мектепке курсант болып ауыстырылып, 1949 жылдың наурызына дейiн №01094 әскери бөлiмiнде аға әуе моторист дәрежесiнде әскери қызмет атқарады.

1949 жылдың наурызынан 1951 жылдың қыркүйегiне дейiн осы бөлiмiнiң құрамында поршеньдiк қозғалтқышы бар әуе кемесiнiң механигi мiндетiн атқарады.

1945 жылдың тамызынан 1945 жылдың қыркүйегiне дейiн 833-шi артиллериялық полк құрамында радиостанцияның бастығы қызметiнде Жапониямен болған соғысқа қатысады.

1951 жылы 5 қыркүйекте поршендiк қозғалтқышты авиацияның механигi және технигi мамандығымен, запастағы кiшi офицер дәрежесiнде әскери қызметтен босатылады. (әскери қызмет барысында әуеде 683 сағат ұшқан).

Әскерден босап елге келген соң, 1952 жылдың 13 қаңтарында сүт өнеркәсiбiне, яғни Имантау май заводының сүт тарту бөлiмiнiң бастығы болып жұмысқа қабылданады.

1952 жылы 24 шiлдеде Арықбалық облыстық май өңдеу өнеркәсiбiне қарасты Төменгi Бұрлық май заводының директоры болып тағайындалады.

1953 жылы Арықбалық май заводының инспекторы болып тағайындалады.

Төменгi Бұрлық май заводы жұмысын тоқтатқан соң, 1955 жылдан бастап Тахтаброд май заводы директорлығына ауыстырылады.

1963 жылы 6 ақпанда Көкшетау сүт заводы құрылымының өзгеруiне байланысты Тахтоброд май заводы өндiрiс бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалады.

1963 жылғы 28 тамыздан 1985 жылғы 19 наурызға дейiн Степняк май заводының директоры болады.

1985 жылы 21 қазанда Көкшетау қалалық сүт заводының қосалқы шаруашылық бөлiмiн басқарады. 1985 жылы зейнеткерлiкке шығады.

Ет және сүт өнеркәсiбiнiң жоспарын орындауда жоғары өндiрiстiк көрсеткiштерге қол жеткiзгенi үшiн бiрнеше рет Қазақ КСРО Министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен, мақтау қағаздарымен марапатталған.

Соғыстағы ерлiгi үшiн «За боевые заслуги», «За победу над Японией» медальдарымен марапатталған.

Жұбайымен бiрге үш қыз тәрбиелеп, олардан сегiз немере сүйiп, жетi шөберенiң қызығын көрдi.

10.08.2020

Қараулар: 953

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау