Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Құсайынов Құдайберген

Құсайынов Құдайберген Зерендi ауданы Қошқарбай аулында 1909 жылдың 15 наурызында дүниеге келген. Аузы дуалы, атақты, ел iшiндегi беделдi Дүйсен бидiң ұрпағы жетiмдiктiң тауқыметiн жастайынан көрiп, мал соңында жүрiп, қиындықпен ержетедi. Анасы Сақып Атбасарлық атақты бай Мақамбет қажының қызы. Әкесi Құсайын Қошқарбайлық Тiнiбай қажының ұрпағы болатын. Осындай тектi атаның жалғасы Құдайберген ел басына күн туғанда ел мен жердi қорғау үшiн соғысқа аттанады.

«Қырық жыл қырғын болса да ажалда өледi» — дегендей, 1941—1945 жылдардағы отан соғысынан аман-есен келгесiн елдiң iсiне тiкелей араласып, колхоздың малын бағады, трактор айдап, бригадир болады. Қай жұмыста болмасын аянбай еңбек етiп, қажырлы қайратымен көзге түседi. Еңбекқор жанның еңбегi бағаланып , үкiмет тарапынан бiрнеше медальдар мен мақтау грамоталарымен марапатталады. Облыстық Кеңеске депутат болып сайланады. 1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестiң шешiмiмен есiмi Республиканың Алтын кiтабына жазылады. Құдайберген Құсайынов жұбайымен бiрге бес бала тәрбилеп, өсiрген ардақты әке. 2006 жылы соғыс және еңбек ардагерiне еңбегiнiң зейнетiне лайықты Көкшетау қаласынан жайлы баспана берiледi.

03.08.2020

Қараулар: 850

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау