Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Хасенов Кайырбек,

Хасенов Кайырбек Көкшетау облысы Кызылту ауданы Чапаев совхозында 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. КСРО -ның Мемлекеттiк кауiпсiздiк күштерiнде қызмет етедi. 1943 жылы Прибалтика Iшкi Iстер Министрлiгiне қарасты18-шi дивизия құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан. 1944 жылы Хасенов Қайырбек Саратовтағы әскери училищеге оқуға жiберiледi. 1946 жылы оқуын бiтiрген соң Прибалтиканың Мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерiнiң құрамында 1950 жылға дейiн қызмет атқарған.

КСРО Министрлер Кеңесiнiң 1950 жылдың 2 қаңтардағы № 275 қаулысымен осы жылдың сәуiр айында әскерден босатылып, Әскери басшылықтың Алғыс хатымен марапатталады. Әскерден босаған соң туған жерi Қызылту ауданына оралып, 1950 жылдан бастап аудандық партия комитетiнiң нұсқаушысы, хатшының көмекшiсi қызметтерiн атқарған. 1955 жылы Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебiне оқуға жiберiледi. 1959 жылы оқуды бiтiрген соң Қызылту ауданындағы совхоз партия комитетiнiң хатшысы, идеология бөлiмiнiң меңгерушiсi мiндеттерiн аткарды.

Облыстық партия комитетi 1973 жылы Хасенов Қайырбектi жаңадан құрылған Ш.Уәлиханов атындағы ауданға идеология бөлiмiнiң меңгерушiсi етiп тағайындаған. 1985 жылы осы қызметiнен дербес зейнеткерлiкке шығып, Еңбек ардагерi, "II дәрежелi Отан соғысы", "Құрмет белгiсi" ордендерiмен, "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" , "Ерен еңбегi үшiн" сияқты 17 медальмен марапатталған. Жұбайы Б.А.Аяғанова 45 жыл мектепте ұстаз болып жұмыс атқарды. 3 бала тәрбиелеп, барлығына жоғары бiлiм берген. Ұлағатты отбасының ұрпақтары қазiргi уақытта ел игiлiгi үшiн қызмет етуде.

05.08.2020

Қараулар: 866

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау