Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Цыплаков Павел Кузьмич

Цыплаков Павел Кузьмич 1922 жылы Рязань облысының «Лесные цветы» ауылында көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген. 1938 жылы Павел Кузьмич ата-анасымен бiрге Қазақстанға қоныс аударып, қалған ғұмырын Балкашино ауылында өткiзген. 1942 жылы 15 қаңтарда Балкашино әскери комиссариатынан әскер қатарына алынады. Павел Кузьмич Башкирияның Аксаково станциясында полковник С.Ф. Гороховтың басқаруымен құрылған 124-шi атқыштар бригадасының құрамына қабылданады. Бригада құрылғаннан кейiн оларды Рязаньға, содан кейiн Сталинградқа жiбердi. Павел Кузьмич Цыплаков Сталинград үшiн болған шайқасқа қатысты. 6 қыркүйектегi шайқастардың бiрiнде Павел Кузьмич ауыр жараланып, госпитальда емделедi. Майданға қайта оралған жауынгер Днепр мен Днестр, Дон өзендерiн, Ростов, Ворошиловоград, Сталин облыстарын, Батыс Украина мен Польшаны азат еттi. 1945 жылы сәуiр айының аяғында 8-шi гвардиялық бөлiмше құрамында өзiнiң әскери серiктерiмен Берлинге шабуыл жасады.

«Ерлiгi үшiн», «Берлиндi алғаны үшiн», «Варшаваны азат еткенi үшiн», «Германияны жеңгенi үшiн» медальдарымен, «II дәрежелi Отан соғысы» ордендерiмен марапатталған. 1947 жылы елге оралады. Ол туған ауылына оралып, онда ол өндiрiстiң әртүрлi саласында жүргiзушi болып жұмыс iстеген. «Қазақ КСР-iнiң үздiк жүргiзушiсi» деген төс белгiмен марапатталады. 46 жыл еңбек өтiлi бар Павел Кузьмич соғыс кезiндегi ерлiгi мен бейбiт кезеңдегi ерен еңбегiне лайықты демалыс алды. Жұбайымен бiрге 3 бала тәрбиелеген үлгiлi отбасы.

19.08.2020

Қараулар: 900

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау