Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Черевко Григорий Яковлевич

Черевко Григорий Яковлевич Зиновеев селосында 1926 жылы дүниеге келген. Әкесi азамат соғысына қатысып, мүгедек болып оралады. Григорий Яковлевич отбасына көмектесу үшiн он жасынан бастап колхозда жұмыс iстеуге мәжбүр болады. Қара су мен қара нанды талғажу етiп, кетпен қайрап, өгiзбен жер жыртады. Соғыс басталғанда жас бала шөп дайындау, егiн егу және астық жинау саласында жұмыс iстейдi.

1943 жылдың қазан айында әскер қатарына шақырылып, Алматы қаласында қысқа мерзiмдi оқу курсына қабылданады. 1944 жылы Григорий Яковлевич 2-шi Беларусь майданының белсендi армиясының құрамында соғысқа кiредi. Жаяу әскер қатарында жүрiп Беларуссияны, Польшаны азат етiп, Конигсбергке дейiн барады. Соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн «II дәрежелi Отан соғысы» орденiмен және «Германияны жеңгенi үшiн» медалiмен марапатталады. Соғыс бiткен соң, әскери бөлiм таратылады да, Григорий Яковлевич Қиыр Шығысқа, Курил аралдарына шекара бекетiне жiберiледi. Жапониямен соғыс аяқталғаннан кейiн де ардагер-жауынгер Ворошилов қаласында бес жыл әскери қызмет атқарады. Григорий Яковлевич елге оралғаннан кейiн, шаруашылықты дамыту жолында колхозда шопан болады, бақташылық жұмыстар атқарады. Сүт өнiмiн өндiру бойынша ең жоғарғы көрсеткiшке жеткенi үшiн 1973 жылы Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталады.

Соғыста көрсеткен ерлiктерi үшiн «Ұлы Отан соғысы» (№ 6553090) орденiмен, «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 40 жыл», «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 50 жыл», «Белорусь.Жеңiске 60 жыл», «Белорусь. Жеңiске 65 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.

17.08.2020

Қараулар: 768

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау