Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Ахмеджанов Нәби Ахметжанұлы,

Ахмеджанов Нәби Ахметжанұлы Омбы облысы, Москален ауданы, Жексенбай ауылында 06.06.1925 жылы дүниеге келген. Ол ауылына жақын жердегi Москаленка орта мектебiнде оқып бiлiм алған. 1944 жылдың басында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Омбыдан пойызбен аттанып, майданға Польша жерiне жеткiзiледi. Онда Беларуссия майданында артиллерияшы ретiнде соғысады. Шайқастардың бiрiнде аяғынан қатты жарақат алып, ауруханада бiр жылдан астам уақытты емделедi. Соғыстан отанына 1947 жылы аман есен оралады.

Ахметжанов Наби Ахметжанұлы 2-дәрежелi Ұлы Отан соғысы орденiмен, 1941-1945 жж. Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысқаны үшiн медалiмен, КСРО Солтүстiк қарулы күштер тобының бас қолбасшы Маршалы К.К Рокоссовскийдiң алғыс хатымен наградталған.

Соғыстан кейiнгi кезеңде Омбыда тұрып, содан кейiн Қырғыз КСР-не қоныс аударды, экономист болып жұмыс iстедi.

29.06.2020

Қараулар: 731

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау