Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс. Жеңіс. Естелік - Абуов Әубәкір Абуұлы

Абуов Әубәкiр Абуұлы Көкшетау қаласында 1920 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Осы қаладағы қазақ орта мектебiн 1938 жылы тәмәмдәп, сол жылдан бастап қазақ педагогикалық училищесiне оқуға түсiп, оқуын бiтiрген соң мен мұғалiм болып жұмыс iстеген.

1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қиыр Шығыста КСРО шекара әскерлерiнде қызмет еттi. 1945 жылы ол жапон милитаристерiмен соғысқа қатысты.

2-дәрежелi Отан соғысы орденiмен, «1941-1945 жж. Германияны жеңгенi үшiн» медалiмен және «Жапонияны жеңгенi үшiн» медалiмен және барлығы 14 мемлекеттiк медальмен марапатталған.

Соғыстан кейiн Мәскеудегi Жоғары сауда мектебiн бiтiредi. 30 жылдан астам уақыт Көкшетау облысының қоғамдық сауда жүйесiнде жоғары мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс iстеген. 1980 жылдан бастап зейнетке шыққан. Еңбек қызметi үшiн «ҚазКСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Құрмет грамотасымен» марапатталды, сонымен қатар «ҚазКСР-нiң сауда iсiне еңбегi сiңген қызметкер» құрметтi атағына ие болды.

Жары Тлеубергенова Батиха, 66 жыл бiрге өмiр сүрiп, бес бала тәрбиелеп, балаларынан алты немере көрген жандар. Жары Батиха 1945 жылы «Тыл еңбеккерi» медалiмен марапатталған.

06.07.2020

Қараулар: 624

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау