Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ұлы даланың Ұлт көшбасшысы» атты кездесу кеш

29 қараша күнi Мәлiк Ғабдуллин музейi мен Сәкен Жүнiсов атындағы №18 орта мектеп лицейiнiң бiрлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнiне арналған «Ұлы даланың Ұлт көшбасшысы» атты танымдық-тағылымдық кездесу кешi өттi.

Iс-шарада отставкадағы судья Мейрам Ғибадилов «Президент — ата заңның кепiлi», музей директоры Құдайберлi Мырзабек «Ұлт көшбасшысы: Ұлы даланың жетi қыры», «Сәкентану» пәнiнiң мұғалiмi Сандуғаш Советқызы «Жазушы С.Жүнiсов: Хан мен Президент» атты тақырыптарда баяндама жасады.

Көпшiлiк назарына музей мұрағатында сақталған жазушы Сәкен Жүнiсовтың Елбасының алдында ел туралы сөйлеген сөзiнiң 15 минуттық бейнеролигi көрсетiлдi.

Сондай-ақ, келген қонақтарға «Елбасы тұлғасы — Көкше қаламгерлерiнiң шығармашылығында» атты көрме таныстырылып, жергiлiктi қаламгерлердiң Елбасы туралы жазған еңбектерiне шолу жасалды. Көрме барысында бүгiн ғана тұсаукесер рәсiмi өткен Жабал Ерғалиевтiң «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан тұңғыш» атты жаңа еңбегiне толығырақ тоқталды.

Iс-шара мектеп оқушыларының дайындаған шағын концерттiк бағдарламасымен аяқталды.

       

29.11.2018

Қараулар: 1330

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау