Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ұрпаққа өнегесін мирас еткен...»

2 қаңтар — Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллиннiң дүниеден озған күнi. Осыған орай музей қызметкерлерi батыр рухына тағзым етудi дәстүрге айналдырған. Бүгiн 3 қаңтар сол дәстүрден жаңылмай «Ұрпаққа өнегесiн мирас еткен…» атты еске алу iс-шарасын өткiздi.

Iс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор М.Ғабдуллин музейiнiң жанынан құрылған ғылыми кеңестiң төрағасы Бердiбай Шалабай қатысты. Кеш барысында М.Ғабдуллиннiң ерлiктерi, халқы үшiн атқарған ерен еңбектерi, ұрпаққа үлгi боларлық асыл қасиеттерi құрметпен еске алынды.

«Қырықтың бiрi қыдыр» демекшi еске алу кешiне әулиелердiң мекенi болған қарт Маңғыстаудан келген мұнай саласының ардагерi, қажы Тiлеген Нүрекенов қатысып, батыр рухына құран бағыштады.

  

03.01.2019

Қараулар: 1122

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау