Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ұлы даланың батырлық рухы»

2018 жылдың 12 желтоқсан күнi «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру институтының мәжiлiс залында Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған «Ұлы даланың батырлық рухы» атты кешi өттi.

Iс-шараға зиялы қауым өкiлдерi, мәдениет мекемелерiнiң директорлары мен қызметкерлерi, Кенесары ханның үзеңгiлес серiктерiнiң бiрi болған Баубек батырдың ұрпақтары, мектеп мұғалiмдерi және БАҚ өкiлдерi қатысты.

Кеш модераторы Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Мырзабек болды. Iс-шара қоғам қайраткерi, «Арқа ажары» газетiнiң директоры Жабал Ерғалиевтiң беташар сөзiмен басталды.

Кеш барысында көпшiлiк назарына «Баубек батыр» деректi фильмiнiң тұсаукесерi және музейдiң құрастыруымен жарыққа шыққан «Жақсының жақсысы Баубек батыр» атты кiтаптың таныстырылымы болды.

«Батырлар туған бақ мекен» жобасының жылдық есебiмен Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң аға ғылыми қызметкерi Аягөз Махметова таныстырды.

Соңдай-ақ, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ғосман Төлеғұл, Ш.Уалиханов атындағы КМУ-нiң ұстазы ф.ғ.д., профессор Бердiбай Шалабай, т.ғ.к., доцент, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нiң тәрбие iсi жөнiндегi проректоры Аманай Сейтқасымовтар мен батырдың ұрпақтары сөз сөйлеп, «Баубек батыр» деректi фильмiне оң бағасын бердi.

Кеш Фархад Сағымбаевтың орындауындағы Ескендiр Хасанғалиевтiң «Атамекен» әнiмен аяқталды.

 

12.12.2018

Қараулар: 1519

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау