Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ұлы дала баласы – тарихымның айнасы»

Мәлiк Ғабдуллин музейi «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қазыналы ауыл» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша ауылдардың тарихымен танысуда.

23 мамыр күнi Бурабай ауданы Қотыркөл ауылы Әбiлхайыр Досов атындағы орта мектепте «Ұлы дала баласы — тарихымның айнасы» атты iс-шара өттi.

Мақсаты: тарихи тұлғаларымызды дәрiптеп, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Iс-шарада Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Мырзабек «Ұлы даланың ерлiк дәстүрi» атты тақырыпта баяндама жасады және Мәлiк Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығынан сыр шертетiн «Ғажайып өмiр баспалдақтары» атты жылжымалы көрме қойылды.

Iс-шараға Бурабай аудандық бiлiм бөлiмiне қарасты мектептердiң мұғалiмдерi мен ауыл тұрғындары қатысты.

      

23.05.2019

Қараулар: 1490

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау