Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін қазақ күресінен турнир

27 наурыз күні Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін қазақ күресінен қалалық турнирі өтті. Аталған жарыстың мақсаты – ұлттық спорт түрі қазақ күресін кеңінен насихаттау, жас балуандардың шеберлігін шыңдау, олардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Турнир барысында кілем үстінде тартысты да қызықты белдесулер өтіп, әр салмақта үздіктер анықталды. Жас спортшылар өздерінің қайсарлығын, күш — жігерін және жеңіске деген ұмтылысын көрсете білді.

Жарыс соңында Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Мұхамед Мерекеұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы марапаттап, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Осындай игі шаралар жас ұрпақтың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттырып, ел болашағы – жастардың шыңдалуына үлкен серпін берері сөзсіз.

27.03.2026

Қараулар: 1223

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау