Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Темір мінезді тұлға

20 қараша күнi М.Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерлерi Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Көкшетау қаласындағы зағип және нашар көретiн азамматардың арнаулы кiтапханасында Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы М.Ғабдуллинге арналған «Темiр мiнездi тұлға» атты кеш өткiздi. Музейдiң Бас қор сақтаушысы С.Жүзжанова жиналған қауымға Батырдың өмiрi мен шығармашылығы туралы жан жақты ақпарат бере келiп, М.Ғабдуллиннiң майдан очерктерiне кеңiнен тоқталып өттi. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде әлi де болса құндылығын жоймаған М.Ғабдуллиннiң «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты кiтабы жиналған қауымның қызығушылығын тудырды.

Iс шара соңында С.Жүзжанова жиналған қауымды М.Ғабдуллин музейiнiң атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

20.11.2018

Қараулар: 1138

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау