Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Қожағалиев Қайырлы

Қожағалиев Қайырлы 1922 жылдың 10 ақпанында Айыртау ауданы Бiрлестiк ауылында дүниеге келген. 1928 жылы Көкшетауға қоныс аударған. 1932 жылдан бастап балалар үйiнде тәрбиеленген. Кейiннен 10 жыл бойы Конезавод селосында жылқышы болып еңбек еткен. 1942 жылы Көкшетау әскери комиссариатынан өз еркiмен майданға аттанады. Жуков пен Рокоссовский басқарған 94-гвардиялық минометшiлер полкында немiс басқыншыларына қарсы соғыста Сталинградтан Берлинге дейiн барған.

Соғыстан соң әскери мiндеттен босап, елге 1946 жылы оралады да, өрт сөндiру күзетiнде қызмет етедi.

Соғыс кезiнде және бейбiт өмiрде көптеген орден-медальдармен, алғыс хаттармен марапатталған.

15.04.2020

Қараулар: 702

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау