Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Исин Меркен

Исин Меркен 1922 жылдың 16 қарашасында Көкшетау облысы Рузаев ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылған. Әскерде 1947 жылдың наурыз айына дейiн болып, Белград, Харьков, Кировоград, Украина, Молдавия, Румыния, Польша, Германия, Чехословакияны немiс басқыншыларынан азат ету шайқастарына алдымен пулеметшi ретiнде, кейiннен пулемет взводы командирi ретiнде қатысқан.

Әскери мiндеттен тек 1947 жылы босап, елге оралған соң Рузаев, Қызылту аудандық партия комитеттерiнде бөлiм меңгерушiсi болып ұзақ жылдар еңбек еткен.

1987 жылдан бастап 1997 жылға дейiн аудандық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiн басқарған.

II және III дәрежелi Отан соғысы орденiмен, 3 мәрте «Құрмет Белгiсi» орденiмен және көптеген медальдармен марапатталған.

06.04.2020

Қараулар: 887

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау