Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Бесов Михаил Иванович

Бесов Михаил Иванович 1924 жылдың 26 қарашасында дүниеге келген.

1940 жылы Михаил ме¬ханизаторлар курсын тәмамдап, 1941 жылдың күзiнде газды-генераторлы трак¬торда еңбек еттi. Он сегiз жасында ол әскер қатарына шақырылып, Көкшетау қаласында пулеметшiлердiң жеделдетiлген курсын өтедi. 1942 жылы сержант Бесов өз еркiмен Қорған қаласындағы танкисттер курсына барады. Бiр жылдан кейiн ол старшина атағын алып, Нижний Тагильде берiлген әскери машинамен I Белорусь майданына жiберiледi. Одан әрi Михаил Ивановичтiң әскери жолы Белоруссия, Литва, Латвия арқылы өтедi. Кенигсберг түбiндегi сұрапыл ұрыстардың бiрiнде оның танкiсi iстен шығады, өзi ауыр жарақат алып, госпитальде емделедi.

Ұлы Жеңiстен кейiн екi жыл Германияда болып, әскери техниканы күзетедi. Тек 1947 жылы әскери мiндеттен босап, елге оралады.

II дәрежелi Отан соғысы орденiмен, медальдармен марапатталған. Соғыстан кейiнгi бар ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған Михаил Иванович ауданның танымал механизаторы.

06.05.2020

Қараулар: 950

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау