Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік -Василий Сергеевич Зиновьев

Василий Сергеевич Зиновьев Новоромановка селосында дүниеге келген.

1944 жылдан бастап майданда пулеметшiлер қатарында соғысқа қатысады. Великие Луки, Смоленск, Брест, Ивановск, Львов, Варшава, Винница, Бреславль түбiнде, Днепр, Одер және басқа да өзендердiң маңында сұрапыл ұрыстарға қатысады.

Ұлы Жеңiстi Германияда қарсы алған Василий Сергеевич Қызыл Әскер қатарында тағы 5 жыл қызмет етiп, Отанына тек 1950 жылы ғана оралады да, аудан шаруашылығын қалпына келтiруге белсендi араласады.

Василий Сергеевич II дәрежелi Отан соғысы орденiмен, мерейтойлық және үкiметтiк наградалармен марапатталған.

06.05.2020

Қараулар: 1040

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау