Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Салтымыз бен даңқымыз ұрпаққа жеткен алтын із»

24 желтоқсан күнi Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ұйымдастыруымен Атбасар аудандық Iлияс Есенберлин музейiнде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласының аясында «Салтымыз бен даңқымыз ұрпаққа жеткен алтын iз» атты танымдық-тағылымдық кеш өттi.

Кешке ауданның зиялы қауым өкiлдерi, Жақсы ауданынан арнайы келген Баубек батырдың ұрпақтары, мұғалiмдер мен оқушылар қатысты.

Iс-шара барысында «Батырлар туған бақ мекен» жобасының есебi тыңдалып, көпшiлiк назарына «Баубек батыр» деректi фильмi көрсетiлдi.

Кеш соңында қазақ тiлi қоғамының мүшесi, зейнеткер Сабыржан Нүркенұлы Мұсабеков пен жеке кәсiпкер Төлентай Рахымжанұлы Боранбаев сөз сөйлеп, музей ұжымына алғысын бiлдiрдi.

8 қазақ орта мектебiнiң оқушысы, жас ақын Альбина Азатова Iлияс Есенберлинге шығарған арнау өлеңiн оқып, үлкендердiң батасын алды.

Бұл iс-шара Iлияс Есенберлин әдеби музейiнiң туған күнiмен тұспа-тұс келiп, Құдайберлi Мырзабек музей қызметкерлерiн осынау айтулы күнмен құттықтады.

24.12.2018

Қараулар: 1373

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау