Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

16 қазан күнi Тұлғалық музейлер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейiнде өтiп жатқан «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» атты республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Рахымбекұлы Мырзабек "Ұлы дала мұрасы: тарих және тұлға" атты баяндама жасады.

Конференция барысында мәдениет аясындағы тiкелей және өзара тиiмдi ынтымақтастықты орнату, ұлттың мәдени, тарихи мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау, сонымен бiрге музейлердiң ғылыми және мәдени байланыстарын нығайту мақсатында өзара шығармашылық ыңтымақтастық туралы Тұлғалық музейлер қауымдастығы мен Мәлiк Ғабдуллин музейi арасында меморандумға қол қойылды.

16.10.2019

Қараулар: 1294

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау