Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Қазақтың ақтаңгер ақыны Көкен Шәкеев музейiнiң ашылуы

15 қаңтар күнi Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң мұрындық болуымен, № 3 Красный Яр орта мектеп-гимназиясымен бiрлесiп, қазақтың айтыс өнерiне жаңалық болып келген, өңiрiмiзде айтыстың көшiн алға бастап, «Көкшенiң көк нөсерi» атанған айтыскер ақын, ұлағатты ұстаз Көкен Шәкеев мұраларын жинақтау, оны жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Көкен Шәкеев музейiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi.

Iс-шара Көкен Шәкеевтiң төл шәкiртi, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесi, М.Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Мырзабектiң беташар сөзiмен басталды. Ақын ағамыз айтыс өнерiнiң ақ туын жықпай, Шөже, Орынбай ақындардың жалғасы болған, Қазақстанның халық ақыны Шәкен Отызбаевтың шәкiртi атанған, киелi Көкшеде өзiнен кейiнгi жас өрендерге ұстаз болған Көкен Шәкеев жайындағы естелiктерiмен бөлiстi.

Музейдiң ашылу салтанатына Көкшетау қаласының құрметтi азаматтары мен зиялы қауым өкiлдерi, ақынның туған-туыстары мен Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебiнiң шәкiрттерi және мектеп оқушылары қатысты.

Ашылу салтанатында Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының аппарат басшысы Сәуле Жүзжанова, Ақмола облыстық бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова, жазушы, журналист, қоғам қайраткерi, «Тiршiлiк» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев сөз сөйлеп, осы музейдiң ашылуына еңбек сiңiрген екi саланың қызметкерлерiне (мәдениет және бiлiм) алғыстарын бiлдiрдi.

Кешке арнайы келген ақын ұрпақтары, қуаныштарын жасыра алмай қазақы дәстүрден жаңылмай шашу шашты.

М.Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерi Табысбек Үсен келген қонақтарға Көкен Шәкеевтiң музейiнде тұрған әрбiр жәдiгерге тiл бiтiрiп, таныстырып шықты.

Аталған бiлiм ошағында Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеев музейiнiң ашылуымен қатар Рухани жаңғыру кабинетi де пайдалануға берiлдi. Мектеп оқушылары Ұлы даланың ұлы тұлғары жайындағы деректердi кеш қонақтарына баяндады.

Бұл музейдiң ашылуын Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жемiсi деп айтуға толық негiз бар.

Iс-шара одан әрi № 3 Красный Яр орта мектеп-гимназиясының дайындаған «Айтыстың ақтаңгерi — Көкен ақын» атты мерекелiк кеш, айтыскер ақын, облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегерi, «Семсер» әдеби сыйлығының иегерi, М.Жұмабаев атындағы облыстық кiтапханасы директорының орынбасары Қуаныш Оспанның арнау өлеңiмен басталды. Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебiнiң шәкiрттерi «Жезде мен балдыз», «Құрдастар» айтысының тамаша үлгiсiн көрсеттi.

Осылайша, қазақтың ақтаңгер ақыны Көкен Шәкеевтiң мұралары насихатталған музейiнiң ашылуымен, ақын рухына арналған iс-шаралардың өткiзiлуi және ақынның iзiн жалған iзбасарлары барда Көкен ақынның есiмi ешқашан өшпейдi. Бүгiнгi өткен жиынды соның бiрi айқын дәлелi деп бiлемiз.

15.01.2020

Қараулар: 1492

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау