Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
XVII дәстүрлі республикалық бокс турнирінің ашылуы

5 мамыр күнi Қажымұқан атындағы № 3 облыстық олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебiнде Жеңiс күнiне және батыр, даңқты жерлесiмiз Мәлiк Ғабдуллиндi еске алуға арналған бокстан XVII дәстүрлi республикалық турнирдiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Республикалық бокс турнирi мамырдың 8-не дейiн жалғасады.

Турнирге Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 117 боксшы қатысып, өз бақтарын сынауда. Ал, Ақмола облысының намысын Көкшетау, Степногорск қалаларымен, Зерендi, Атбасар, Егiндiкөл аудандарынан келген жас спортшылар қорғайтын болады.

Iс-шараға Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Өмiрзақұлы Қуатбеков, спорт ардагерi Махмұд Мұқатаев және Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң аға ғылыми қызметкерi Аягөз Мұратқызы Махметова құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәт-сапар тiледi.

 

05.05.2019

Қараулар: 1066

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау