Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Воронов Владимир Геннадьевич

Воронов Владимир Геннадьевич 1963 жылы 8 қазанда Қарағанды облысы Сарань қаласында дүниеге келген. Туған жерінде ержеткен соң, Көкшетау қаласындағы Көкшетау автомеханика техникумына оқуға түседі.  1982 жылы техник-механик мамандығы бойынша оқуын тәмәмдап, сол жылдың сәуір айында Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ауған Демократиялық Республикасына жіберіледі. 1982 жылдың сәуірінен 1983 жылдың тамызы аралығында әскери қызметін мінсіз атқарып елге оралады.

Әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен, «70 лет ВС СССР», «Ветеран боевых действий», «Воину-интернационалисту от благородного Афганского народа», «10 лет Саурской революции», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.     

Әскерден келген соң 1985 жылға дейін Зеренді ауданында ауыл шаруашылық техникасына жауапты қызметкер содан кейін 1997 жылға дейін механизатор болып қызметін атқарады.

1997 - 2009  жылдары аралығында «Айдарлы» ЖШС-де механизатор болып жұмыс істеген.

Қазіргі таңда Айдарлы ауылындағы орта мектепте күзетші болып істеп жүр. Ауылдастары Владимир Геннадьевичті құрметтейді. Аудан көлемінде жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарына және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген азамат. Жанұялы, екі бала тәрбиелеп отырған әке. 

24.01.2021

Қараулар: 1318

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау