Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Сокол Борис Анатольевич

Сокол Борис Анатольевич 19.08.1966 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Золоторудное станциясында дүниеге келген.

1967 жылы отбасы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Красный Яр селосына қоныс аударады. 1972 жылы №1 Красный Яр орта мектебiнде оқиды. 1981 жылы Красный Яр селосындағы СПТУ-42 оқу орнының механизатор мамандығын бiтiредi.

1984 жылы Кеңес әскерi құрамында Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы шекарасында әскери мiндетiн атқарады. 1985 жылдың мамырында Ауғанстан жерiне жiберiледi. 1986 жылы елге оралады.

Сокол Борис Анатольевич әскердегi мiнсiз қызметi үшiн «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «20 лет вывода Советских войск из ДРА», «80 лет ВЧК», «За боевые заслуги», «Воину-интернационалисту от благодарного Афганского народа», «За заслуги », «За отвагу», «За хорошую охрану государственной границы ДРА», «ҚР-ның Қарулы Күштерiне 20 жыл», «70 лет ВС СССР» медальдарымен марапатталған.

1987-1989 жылдар аралығында Красный Яр селосында механизатор, жүргiзушi болып жұмыс iстейдi.

1989-1991жылдары Көкшетау қалалық әскери комиссариатында еңбек етедi.

1991 жылдың мамыр-қазан айларында Украина жерiндегi прапорщиктар даярлайтын мектепте оқып, қазан айында Көкшетау облыстық әскери комиссариатында прапорщик болып қызмет етедi.

2002-2006 жылдары жеке кәсiпкердiң қарамағында жұмыс iстейдi. 2006-2008 жылдары Көкшетау қаласында Қорғаныс iстерi басқармасында комендант болып еңбек етедi.

2008 жылы Ақмола облыстық Қорғаныс iстерi департаментiнiң қызметкерлiгiне ауысады.

30.11.2020

Қараулар: 1067

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау