Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Шаймергенов Қоңырша Ерғожаұлы

Шаймергенов Қоңырша Ерғожаұлы 20.09.1965 жылы Көкшетау облысы Володар ауданы Кеңащы ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Қоңырша отбасындағы он бiр баланың алтыншысы.

1972-1976 жылдары Кеңащы орта мектебiнде, 1976-1980 жылдары Комаров 8 жылдық мектебiнде оқиды.

1980-1982 жылдары Көкшетау облыстық мектеп-интернатынан орта бiлiм алады.

Мектеп бiтiрген жылы Зерендi совхозындағы Көкшетау ауылшаруашылық техникумына оқуға түсiп, техник-механик мамандығы бойынша оқуын бiтiрiп диплом алады.

1983-1985 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Күршiм жерiнде орналасқан Шығыс шекара округiне қарасты №235 әскери бөлiмiнде, Ауғанстандағы "Гульхана" № 9878 әскери бөлiмiнде әскери қызметтерде болады.

«Отличник ПВ КГБ СССР второй степени», «Отличник ПВ КГБ СССР первой степени», «Старший пограничного наряда», «70 лет ВС СССР», «Воину — интернационалисту от благодарного Афганского народа», «Ветерану войны в Афганистане», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «Ветеран боевых действий», «20 лет вывода Советских войск из Афганистана» медальдарымен және «Воину-интернационалисту» грамотасымен марапатталған.

Әскерден келген соң 1986-1996 жылдары Көкшетау фарфор зауытында фарфор құю бөлiмiнiң шеберi, желдету жүйесiнiң инженерi қызметтерiн атқарады.

14.12.2020

Қараулар: 1082

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау