Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Митрофанов Анатолий Филиппович

Митрофанов Анатолий Филиппович 23.05.1956 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха селосында дүниеге келген.

1973 жылы Талдықорған облысы Киров селосындағы №1 орта мектебiн бiтiрiп, Томск инженер-құрылыс институтына түсiп 1978 жылы бiтiредi. 1978 жылы Кеңес әскерiнiң құрамына шақыртылып, алғашқы бiр жылын Амур облысының №12618 әскери бөлiмiнде, екiншi жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасы Кабул қаласындағы №035818 әскери бөлiмiнде бiтiмгер-жауынгер мiндетiн атқарады.

Әскери мiндетiн адал орындап, жауынгерлiк тапсырманы жоғары деңгейде орындағаны үшiн «Воину-интернационалисту» грамотасымен, «Воину-интернационалисту от благодарного афганского народа», «За отвагу и мужества», Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «ҚР-ның Қарулы Күштерiне 20 жыл», «20 лет вывода советских войск из Афганистан», «За боевые заслуги», «За заслуги», «Ветеран боевых действий», «За ратную доблесть» медальдарымен марапатталған.

Елге оралған соң еңбекке араласып, өмiрiнiң 42 жылын құрылыс саласына арнайды. Құрылысшы шебер дәрежесiнен басшылық қызметке дейiн көтерiледi. Оның жобалары бойынша облыста ондаған тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер, су құбырлары және басқа нысандар салынды.

Мысалы, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшiн Атбасарда салынып жатқан жаңа тұрғын ауданды жобалады. Дизайнерлiк мамандығы бойынша оншақты шәкiрт тәрбиеледi. Қазiргi уақытта олардың барлығы Қазақстанның түрлi қалаларында жемiстi еңбек етiп жүр.

Осындай елеулi еңбектерi үшiн «Қазақстанның Құрметтi құрылысшысы» атағымен марапатталған. Анатолий Филиппович «Көкшетаугорсельпроект» ЖШС-нiң басшысы, Ақмола облыстық сәулет, құрылыс, қала құрылысы департаментiнiң директоры қызметтерiн атқарып, облысымыздың құрылыс саласының көркейiп, қаламыздың гүлденуiне өз үлесiн қосып жүрген тұлға.

16.11.2020

Қараулар: 1096

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау