Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Қосмағанбет Қайролла Жолдасұлы

Қосмағанбет Қайролла Жолдасұлы екiншi қаңтар 1942 жылы Ақмола облысы Зерендi ауданы Карабұлақ ауылында дүниеге келген.

1960 жылы орта мектептi бiтiредi. 1960-1963 жылдары Көкшетау қаласындағы медицина училищесiн бiтiредi. 1967-1973 жылдары Целиноград мемлекеттiк медициналық институтын тәмамдайды.

18.12.1963-29.12.1966 жылдары Мәскеу қаласындағы №35738 әскери бөлiмде Отан алдындағы әскери борышын өтейдi.

1980 жылы Ауғанстан жерiне бiтiмгерлiк мақсатында жiберiлген "Каскад" командасының құрамындағы №13280 бөлiмде әскери дәрiгер-нұсқаушы болып қызмет атқарады.

1980-1981 жылы "Каскад" командасы "Садда" полкiне қосылғанда Қайролла Жолдасұлы әскери мiндетiне адал болып, дәрiгерлiк мiндетiн абыроймен атқарғаны үшiн полктың әскери медицина капитаны дәрежесiне көтерiледi.

Бiтiмгерлiк борышын өтеп, елге оралғаннан кейiн отбасын құрып, ұрпақ өсiрiп, балаларына сапалы бiлiм, саналы тәрбие бередi. Көкшетау медициналық колледжiнде оқитын болашақ жастарға дәрiгер мамандығының қызығы мен қиындығын жеткiзiп, бiлiм нәрiмен сусындатып, сабақ бередi.

Жастарға патриоттық тәрбие беру жолында ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың белдi мүшесi болды.

Бiтiмгерлiк жолындағы әскери мiндетiн абыроймен атқарған Қайролла Жолдасұлы «За боевые заслуги», «За заслуги в военной медицине», «Воину-интернационалисту от благодарного афганского народа», Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «ҚР-ның Қарулы Күштерiне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

19.10.2020

Қараулар: 995

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау