Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Балпан Аскар Қалелұлы

Балпан Аскар Қалелұлы 13 ақпан 1961 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев совхозының 5-декабрь бөлiмшесiнде дүниеге келген.

1968 жылы Чапаев орта мектебiне барып, аталған мектептен 1978 жылы 10 класты бiтiрiп шыққан.

Сол жылы мектептi тәмәмдағаннан соң, Чапаев совхозының механизаторы болып еңбек еттi.

1980 жылы Кеңес әскерi құрамына шақыртылып, солтүстiк флоттағы 8 айлық оқу жаттығыудан кейiн Ауғанстан Республикасына әскер қатарына жiберiледi.

1982 жылы әскери мiндеттен босатылып елге қайта оралды. Әскери мiндетiн адал атқарып елге оралғаннан кейiн, 1983 жылдан 1985 жылға дейiн мал шаруашылығының бригадирi болып iстедi. 1986 жылы отбасын құрып, өзiнiң ауылында 1986 жылдан 1989 жылға дейiнсовхоздың комсоргыболып қызмет еттi. 1989 жылы Көкшетауға қоныс аударды.

Кәзiргi таңда жұбайы Жамал Нұрбикеновамен бiрге 2 ұлы тәрбиелеп өсiрген үлгiлi отбасы.

Үлкен баласы Өмiрбек Асқарұлы «Қазақтелеком» мекемесiнде қызмет атқарса, кiшi баласы Нұрбек Асқарұлы «Өртке қарсы қызмет» саласында жұмыс атқаруда.

Асқар Қалелұлы «Алтынтау» Көкшетау кентiнде жұмыс iстейдi.

21.09.2020

Қараулар: 822

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау