Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ»-Петухов Андрей Петрович

Петухов Андрей Петрович 23.04.1963 жылы Тәжiкстан Республикасы Ленинград облысы Таботар селосында дүниеге келген.

1978 жылы Көкшетау қаласындағы №10 орта мектептi бiтiрген соң, ГПТУ №66 оқу орнына түсiп, каменщик-монтажник мамандығын алады.

1981 жылы Көкшетау қаласындағы ДОСААФ автомектебiн механик-компрессорщик және «С» санатындағы жүргiзушi мамандығы бойынша бiтiредi.

06.10.1981 жылы Ауған Демократиялық Республикасына бiтiмгерлiк мақсатындағы әскери қызметке алынады. 30.11.1983 жылы әскери мiндеттен босатылады. Әскери мiндетiн мiнсiз атқарған Андрей Петрович I дәрежелi «Звезда» орденiмен, «За отвагу и мужества», «Батыр Шапағаты», «Ветеран боевых действий», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «20 лет вывода советских войск из Афганистан», «За боевые заслуги», «ҚР-ның Қарулы Күштерiне 20 жыл», «Воину-интернационалисту от благодарного афганского народа», «За отвагу», «70 лет Вооруженных Сил СССР», «Защитнику Отечества» медальдарымен, «Воину-интернационалисту» грамотасымен марапатталған.

1999 жылы Қостанай қаласындағы Рудненск индустриалды институтының инженер мамандығы бойынша бiтiредi. Жеке кәсiпкер.

23.11.2020

Қараулар: 987

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау