Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ»-Калиев Мереке Ғазизұлы

Калиев Мереке Ғазизұлы 1959 жылы Көкшетау облысы Володар ауданы (қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы) Сары-Өзек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы ауыл шаруашылығы бойынша кәсiптiк-техникалық училищенi бiтiредi. 1978-шi жылдың 20-шы қарашасында әскери мiндетiн атқаруға шақыртылады. 1979 жылы наурыз айында автомобильдi рота құрамында Ауғанстанға жiберiледi. Ауған демократиялық Республикасында автомобильдi ротаның сапында қару жарақтың қажеттi жерiне қауiпсiз жеткiзiлуiн қамтамасыз етiп, қадағалап, әскери борышын өтейдi.

Берген антына сай әскери мiндетiне адал болып, әскери тапсырманы қалтқысыз орындағаны үшiн «Воину — интернационалисту от благодарного Афганского народа», «10 лет Саурской революции», «Ветеран боевых действий», «15 лет вывода Советских войск из ДРА» медалдарымен, «Воин-интернационалист» грамотасымен марапатталады.

2010 жылы Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлерi» қауымдастығы кеңесiнiң шешiмiмен Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалiмен.

12.10.2020

Қараулар: 827

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау