Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Өткен жыл өрнектерi

6 қаңтар күнi Мәлiк Ғабдуллин музейi өзiнiң алғашқы қонақтарын жаңартылған экспозициялық залдарында қарсы алды. Жазушы, журналист, қоғам қайраткерi «Тiршiлiк» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң бiрiншi орынбасары Арман Бердалин, Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы басшысының м.а Гүлмира Бекназарова, ф.ғ.д., профессор, ғылыми кеңестiң төрағасы Бердiбай Шалабай, ф.ғ.к., профессор, ғылыми кеңестiң мүшелерi Сәбит Жәмбек, Аманжол Есмағұлов, Мемлекеттiк тiлдi дамыту орталығының директоры Қаратай Төлекеев, «Көкшетау» газетiнiң редакторы Серiк Жетпiсқалиев, «Рухани жаңғыру» өңiрлiк жобалық кеңсесiнiң басшысы Қайрат Сейтқазин, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасы директорының орынбасары, ақын Қуаныш Ерғалиұлы, №3 Красный Яр орта мектеп-гимназиясының директоры Гүлзат Бақтыбаева, Сәкен Серi Жүнiсов атындағы №18 орта мектептiң директоры Баян Сәрсембаева және Базаралы Қауменұлының ұрпақтары Оралбек, Арман Сайдалиндер, Семей қаласынан арнайы келген қонақ Гүлмира Кенесарина сынды музей жанашырлары мен зиялы қауым өкiлдерi қатысқан ғылыми кеңес отырысы өттi.

Бұл жиын жаңарған, жаңартылған музейдiң экспозициялық залдарын тамашалаудан басталды. Музей директоры Құдайберлi Мырзабек музей ұжымының 2019 жылы атқарған ең негiзгi жұмыстарына шолу жасап, биылғы жылы жоспарланған мерейтойлы даталарға арналған басты жұмыстарымен қысқаша таныстырып шықты.

Жабал Ерғалиев парламент сенатының депутаты болған кезiнде батырдың 100 жылдық мерейтойына орай ұсынған депутаттық сауалнамаларының көшiрмелерiн музей қорына табыстады.

Iс-шара соңында Жабал Ерғалиев, Бердiбай Шалабай, Серiк Жетпiсқалиев сынды аға буын өкiлдерi музей ұжымына өздерiнiң игi тiлектерi мен жылы лебiздерiн бiлдiрдi.

06.01.2020

Қараулар: 1366

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау