Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
М.Ғабдуллин музейi халықаралық «ЗА НАМИ МОСКВА!» көрмесiне қатысты

2021 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-тарихи музейiнде Ресей ынтымақтастық өкiлдiгi және Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшiлiгiнiң ҚР ҚК Әскери-тарихи музейiмен бiрлесе дайындаған Мәскеу шайқасының 80 жылдығына арналған «За Нами Москва!» атты Халықаралық көрмесi өттi.

Iс-шараның мақсаты Мәскеудi қорғаудағы қазақстандық әскери құрамалардың рөлi туралы шындықты жеткiзу.

Көрмеде Мәскеу қаласы Мемлекеттiк қорғаныс музейiнiң, ҚР ҚК Әскери-тарихи музейiнiң, Кеңес Одағының батыры, академик, М.Ғабдуллин музейiнiң және Семей қаласының тарихи-өлкетану музейiнiң (Жауынгерлiк және еңбек даңқы музейi), жәдiгерлерi, аса құнды фотоматериалдары мен мұрағаттық құжаттары қойылды.

Мәскеу түбiндегi шайқаста Қазақстанда құрылған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В.Панфилов), 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г.П.Коротков), 312-атқыштар дивизиясы (полковник А.Ф.Наумов), 39, 74 жеке атқыштар бригадасы ерекше ерлiктерiмен көзге түстi.

Ресейдiң Қазақстандағы елшiлiгi, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйiнiң және «Газпромбанктың» Нұр-Сұлтандағы өкiлдiгiнiң қолдауымен «Qasym» баспасында басылып шыққан Б. Момышұлының «За нами Москва» кiтабының тұсаукесерi өттi.

01.12.2021

Қараулар: 1232

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау