Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты халықаралық конференция

15 қараша күнi Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин музейi мен ҚР IIМ төтенше жағдайлар комитетi Көкшетау техникалық институтымен бiрлесе ұйымдастыруымен «Ғалым Мәлiк Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты халықаралық ғылыми конференция өттi.

М.Ғабдуллиннiң туған күнiне орайластырып өткiзiлген конференцияға Көкшетау қаласының зиялы қауым өкiлдерi мен ЕНУ-нiң профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы, ЕНУ –нiң профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы Артықбаев, А.Мырзахметов атындағы университетiнiң профессоры, доцент Т.М.Мухамадеев, "Алтын кiтап" баспасының бас редакторы В.З.Титенев, КМУ дiң профессоры, ф.ғ.к., Жәмбек Сәбит Нұрмұханбетұлы баяндама оқыды. Конференцияға сырттай Ресей Федерациясы Мәскеу және Омбы қалаларынан ғалымдар қатысты.

Конференцияның түстен кейiнгi секциялық отырысы "Достар" МҮ де "Қаһарман ғалым,ұстаз,батыр -Мәлiк ұрпаққа мәңгi өнеге" деген атаумен Қаржаубай Сартқожаұлының модераторлығымен жалғасын тапты. Екiншi секциялық отырыста: Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ пед.колледжiнiң 2 курс студентi Амантақызы Нұржарқын «Мәлiк Ғабдуллин — ұрпаққа мәңгi өнеге», М.Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерi Ж.Ж.Қажыбай «М.Ғабдуллин шығармаларындағы патриотизм» және т,б қатысушылар баяндама оқыды.

Конференцияның соңында алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

       

15.11.2018

Қараулар: 1495

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау