Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
АБАЙ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ БАЗАРАЛЫ ТАҒДЫРЫ

11 қараша күнi Семей қаласында "Қазақстанның аса көрнектi тұлғалары музейлерi" Қауымдастығы аясында Абайдың «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк қорық-музейi және Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасына қарасты М.Ғабдуллин музейiмен бiрлесе отырып «Абай әлемi және Базаралы тағдыры» тақырыбында ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өткiздi.

Танымдық отырыс М.Әуезовтiң «Абай жолы» романындағы басты кейiпкерлердiң бiрi Базаралы тұрғысында өрбiдi. Шараға Көкшетау өңiрiндегi Базаралы Қауменұлының ұрпақтары Оралбек Сайдалин, Арман Нұрпейiсов, М.Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Мырзабек, Жарма ауданының тұрғыны, Базаралының шөбересi Алдаш Кенесарин, шежiрешi, тарихшылар Бекен Исабаев, Молдабек Жанболатов және тағы да басқа зиялы қауым өкiлдерi қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Базаралының көркем шығармадан бөлек өмiрде қандай адам болғандығы жайында, тарихи тұлғаның жерленген жерi тұрғысында әңгiме айтылып, зерттеуге қатысты тың тақырыптар талқыға түстi.

Мәлiк Ғабдуллин музейi ұйымдастырған Көкшетаудағы Базаралы ұрпақтарының экспедициялық сапары Абай ауданында өз жалғасын табуда. Араға ғасырдан аса уақыт салып қауышқан Базаралы Қауменұлының екi жақтағы ұрпақтары, атажұрттағы киелi орындар мен қорымдарды аралап зиярат жасады. Осындай игi шараға мұрындық болған Мәлiк батыр музейiнiң ұжымына алғыстарын жаудырды.

11.11.2019

Қараулар: 1438

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау