Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Әл-Фараби тағылымы» тақырыбындағы дәріс

Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жас ұрпақты iлiм-бiлiмге, ғылымның жауһарларына қызықтырып, оларға рухани, патриоттық тәрбие беру мақсатында Әл-Фарабидiң ғылыми мұрасын танып-бiлу мен игеруге арналған жыл бойы жалғасын табатын iс-шаралар легiн музейi қызметкерлерi 5 наурыз күнi Мәлiк Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларына «Әл-Фараби тағылымы» атты тақырыпқа дәрiс оқудан бастады. Оқушыларға ұлы ойшылдың өнегелi өмiрi туралы қызықты деректер оқылып, берiлген ақпарат негiзiнде сұрақ-жауап түрiнде, қосымша көрнекiлiктердi қолдану арқылы сайыс өткiзiлдi. Дәрiс барысында оқушылар өздерiн еркiн әрi сенiмдi ұстап, орынды, сауатты сауалдарымен риза қылды. Олардың алынған тың деректер туралы бөлiскен ойларын бiз өте жоғары бағаладық.

Бағалау демекшi, балалар да өз кезегiнде оқылған дәрiс жайлы алған әсерлерiн үш тiлде жазып қалдырды. Әл-Фараби де өз бiлiмiн алғашында үш тiлден бастағанын еске алып, жүрегiмiзде бұл жас ұрпақтан болашақта алып азаматтар шығарына деген сенiмдiлiгiмiз арта түстi.

05.03.2019

Қараулар: 1257

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау