Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Ақын, әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Қырық мысал» атты жас суретшілер байқауы

28 ақпан күні Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да қала мектептерi оқушыларының арасында ақын, әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Қырық мысал» атты жас суретшілер байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқауға жалпы 24 оқушы қатысты. Бірінші кезеңнен өткен жас суретшілер шешуші кезеңде Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» кітабындағы кейіпкерлерді өз қиялдары бойынша ақ қағазға бейнеледі.

Байқаудың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» кітабындағы кейіпкерлерді кескіндеу арқылы жас суретшілердің қиялын өрбіту; сурет өнеріне бейімі бар балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бәсекелестіру арқылы шеберліктерін шыңдау.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің оқушысы Бурибаева Аяжан, II орынды №19 ОМ оқушысы Жунусова Айнур, III орынды №10 ОМ оқушысы Умарова Алинесса жеңiп алды.

Сондай-ақ, оқушылар «Сюжеттiк композиция», «Ұшқыр қиял», «Сурет салу техникасы» номинацияларымен және жүлдеге ие болған оқушылардың жетекші мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.

28.02.2022

Қараулар: 984

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау