Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Қария – халық қазынасы»

2019 жылы 10 қазан Қарттар күнiне орай қазыналы қарттарымызды төл мерекелерiмен құттықтау, мерекелiк көңiл күй сыйлау, қоғам белсендiлерiнiң қарттарға деген ықылас-ниетiн көрсету, жастарымызды қарияларды құрметтеуге шақыру мақсатында Шучинск қаласындағы қарттар үйiнде М.Ғабдуллин музейi мен «Рухани жаңғыру» өңiрлiк жобалық кеңсесiнiң бiрлесе ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қария — халық қазынасы» атты мәдени-танымдық кеш өттi.

Iс-шарада Мәлiк Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығынан сыр шертетiн «Ғажайып өмiр баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылып, Батырдың 1943 жылы елге келген сапарынан түсiрiлген деректi фильм көпшiлiк назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» өңiрлiк жобалық кеңсесiнiң қызметкерi Ерден Нұрмұхамед пен М.Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерi Табысбек Үсеннiң орындауында әндер шырқалып, «Рухани жаңғыру» өңiрлiк жобалық кеңсесiнiң басшысы Қайрат Сейтқазин жырдан шашу шашты.

Кеш соныңда қорытынды сөз сөйленiп, қарттар үйiне естелiк сыйлық табысталды.

10.10.2019

Қараулар: 1150

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау