Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ»-Қалмағамбетов Марат Атымтайұлы

Қалмағамбетов Марат Атымтайұлы 04.03.1969 жылы Көкшетау облысы Еңбекшiлдер ауданы Мәдениет селосында дүниеге келген.

1976-1986 жылы Мәдениет селосындағы Е.Исмаилов атындағы орта мектепте бiлiм алған. 1986-1987 жылдары Щучинскiдегң ДОСААФ автомектебiнде оқыды. 24.05.1987 жылы Кеңес әскерiнiң қатарына қосылып, әскери мiндетiн 08390 әскери бөлiмiнде жүргiзушi болып атқарды.

29.03.1988 — 13.08.1988 жылдар аралығында Ауғанстан жерiнде 35802 әскери бөлiмiнде әскери қызметте болды.

«10 лет Саурской революции», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «20 лет вывода Советских войск из Афганистана», Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты», «70 лет Вооруженным силам СССР», «Воину–интернационалисту от благодарного афганского народа» грамотасымен марапатталған.

28.03.1989 жылы әскери мiндеттен босап, елге оралған соң еңбекке араласып жүргiзушi болып жұмыс iстейдi.

25.08.1992 жылы Еңбекшiлдер ауданы «Донской» совхозына қоныс аударды. 2003 жылдан бастап мамандықтардың ең қадiрлiсi де қауыптысы — өрт сөндiру қызметiнде аға техник болып жұмыс iстеп, зейнеткерлiкке шығады.

2018 жылдан берi Көкшетау қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментiнде жүргiзушi болып жұмыс iстейдi.

26.10.2020

Қараулар: 1070

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау