Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңақазақстандық патриотизм» атты екінші республикалық ғылыми-теориялық конференция

15 қараша күнi Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы,филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткерi — Мәлiк Ғабдуллиннiң туған күнi. Батыр ескерткiшiне гүл шоқтарын қою рәсiмi өттi.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ҚР IIМ Төтенше жағдайлар комитетiне қарасты Көкшетау техникалық институтымен Ақмола облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасына қарасты М. Габдуллин музейi бiрлесе отырып Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында "Ғалым Мәлiк Ғабдуллин және жаңақазақстандық патриотизм" атты екiншi республикалық ғылыми-теориялық конференция өткiздi.

Конференцияның пленарлық отырысында Құттықтау сөз сөйлеген белгiлi ақын, жырау-жыршы, манасшы Баянғали Әлiмжанов ұстазы М.Ғабдуллин туралы естелiк айта келе, конференцияға сәттiлiк тiледi. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерлерi, ғалым-зерттеушiлер, республикамыздың жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлерi, қоғам қайраткерлерi және ғылыми орталықтардың мамандары баяндама жасады.

Конфернцияның секциялық отырысында М.Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерлерi Б. Айтмаганбетова, Табысбек Үсен, Қазақстан Республикасының тұлғалық музейлерiнiң ғылыми қызметкерлерi, А.Мырзахметов университетiнiң студенттерi,Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж студенттерi, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты курсанттары, ҚР IIМ ТЖК қарасты Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатысып, баяндамаларын оқыды.

Конференцияға қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

15.11.2019

Қараулар: 1232

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау