Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ер қадірін ел білер»

6 мамыр күнi № 19 орта мектептiң 7 сыныбында Ұлы Жеңiстiң 74 жылдығына және Мәлiк Ғабдуллиндi еске алуға арналған «Ер қадiрiн ел бiлер» атты ашық тәрбие сағаты өттi.

Мақсаты: Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесiмiз Мәлiк Ғабдуллиннiң соғыстағы ерлiгiн, батырлығын қазiргi жас ұрпаққа насихаттау және соғыстағы қазақ батырларының ерлiгiн дәрiптеу болып табылады.

Оқушылардың назарына Мәлiк батырдың өмiрi мен шығармашылығынан сыр шертетiн «Ғажайып өмiр баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылып, батырдың елге келген сапарынан түсiрiлген деректi фильм көрсетiлдi.

Тәрбие сағаты оқушылардың соғыс туралы өлеңдерiмен және 1941 жылдың 22 маусымында соғысқа аттанған Сұлтан деген жiгiттiң өмiрi туралы шағын көрiнiспен аяқталды.

 

06.05.2019

Қараулар: 1191

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау